АҚШ-тағы көші-қон саясатына қарсы жаппай наразылық акцияларының өткізілуіне байланысты демонстрациялар өтетін орындарға барудан бас тартуға, сондай-ақ рұқсат етілмеген іс-шараларға, тәртіпсіздіктерге және қоғамдық тәртіпті бұзатын кез келген әрекеттерге қатысудан сақ болуға шақырамыз.
Назар аударыңыз:
Заңсыз акцияларға қатысу айыппұл, қамауға алу немесе иммиграциялық салдарға әкелуі мүмкін.
Мұндай әрекеттер сіздің жеке қауіпсіздігіңізге қатер төндіреді.
Заң бұзушылықтар консулдық қолдау көрсету мүмкіндігін шектеуі ықтимал.
Төтенше жағдайларда Нью-Йорк қаласындағы Қазақстан Республикасының Бас консулдығына шұғыл желі телефоны арқылы хабарласуыңызды сұраймыз:
+1-332-207-9632