
Найроби, 2026 жылғы 31 шілде — Қазақстан Республикасының Кения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Барлыбай Садықов Кения Республикасындағы Бурунди Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Эвелин Хабониманамен (Evelyne Habonimana) кездесу өткізді.
Тараптар Қазақстанның БҰҰ аясында Халықаралық су ұйымын (Су жөніндегі халықаралық ұйымды) құру бастамасын талқылауға ерекше назар аударды.
Бурунди Африкалық Одақтың төрағасы болып табылады және АО-ның 2026 жылғы басым тақырыбы «2063 Күн тәртібінің мақсаттарына қол жеткізу үшін суға тұрақты қолжетімділікті және қауіпсіз санитария жүйелерін қамтамасыз ету» деп белгіленген.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар достық байланыстарды одан әрі нығайтуға және өзара қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша тұрақты диалогты қолдауға дайын екендіктерін растады.