Қазақстан мен Кения ынтымақтастықты кеңейтуге келісті

Қазақстан мен Кения ынтымақтастықты кеңейтуге келісті

Найроби, 2026 жылғы 2 шілде – Қазақстан Республикасының Кения Республикасындағы Елшісі, Найробидегі БҰҰ бөлімшесі жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі Барлыбай Садықов Кения Инвестициялық басқармасының мүшесі Ребекка Киметомен кездесті.

Кездесу барысында Қазақстан мен Кения арасындағы сауда, туризм және инвестиция сияқты салалардағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, тараптар спорт саласындағы, атап айтқанда жеңіл атлетика, шахмат және әртүрлі жекпе-жек түрлері бойынша екіжақты қарым-қатынасты дамыту бойынша пікір алмасты.

Кездесудің нәтижесінде тараптар өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейту әлеуетін зерттеу үшін екі елден делегация жіберу туралы келісімге қол жеткізді.