Қазақстан делегациясының «Біздің мұхит» (Our Ocean Conference) 11-ші Халықаралық конференциясына қатысуы туралы

Қазақстан делегациясының «Біздің мұхит» (Our Ocean Conference)  11-ші Халықаралық конференциясына қатысуы туралы

Момбаса, 2026 жылғы 18 маусым — Қазақстан Республикасының Кения Республикасындағы Елшісі Барлыбай Садықов Момбаса қаласында өткен «Біздің мұхит» (11th Our Ocean Conference) 11-ші Халықаралық конференциясына қатысты.

Аталған конференция теңіз экожүйелерін сақтау, көгілдір экономиканы тұрақты дамыту, климаттың өзгеруіне қарсы күрес және су ресурстарының экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін талқылауға арналған маңызды жаһандық диалог алаңдарының бірі болып табылады. Форум жұмысына қатысу еліміздің жаһандық экологиялық бастамаларға және БҰҰ-ның тұрақты даму мақсаттарына деген бейілділігін айқындайды.

Конференция аясында Қазақстан Елшісі халықаралық, сондай-ақ қазақстандық-кениялық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған бірқатар жұмыс кездесулерін өткізді.

Атап айтқанда, БҰҰ Бас хатшысының Мұхит жөніндегі Арнайы Уәкілі Питер Томсонмен және Африка Одағы комиссиясының ауыл шаруашылығы, көгілдір экономика және тұрақты даму мәселелері жөніндегі Комиссары (Министрі) Мозес Вилакатимен кездесулер өтті. Тараптармен болған сұхбат барысында Қазақстан Елшісі конференцияға қатысушыларды Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың БҰҰ-80 реформасы шеңберіндегі БҰҰ-ң аясындағы мамандандырылған халықаралық су ұйымын құру жөніндегі бастамасымен таныстырды.

Сондай-ақ Кенияның Тау-кен өнеркәсібі, көгілдір экономика және теңіз істері Министрі Али Хассан Джохомен (Ali Hassan Joho), Инвестициялар, сауда және өнеркәсіп Министрі Ли Киньянджуимен (Lee Kinyanjui), сондай-ақ Кения порттары басқармасының (Kenya Ports Authority) Төрағасы Уильям Рутомен (W.Ruto)    кездесулер өтті. Тараптар Кения Президенті У.Рутоның 2026 жылғы 19-20 мамырда Астанаға жасаған мемлекеттік сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды практикалық тұрғыда жүзеге асыру мәселелерін талқылады.

Қазақстан Республикасы Елшісінің «Our Ocean» конференциясына қатысуы және өткізілген кездесулер Астана мен Найроби арасындағы екіжақты диалогты нығайту, сауда және транзиттік-логистикалық сектордағы ынтымақтастық перспективаларын айқындау, сондай-ақ форумға қатысушыларды Астананың халықаралық бастамаларымен таныстыруға мүмкіндік берді.