Қазақстан мен Кения екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдетуге ниетті

Қазақстан мен Кения екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдетуге ниетті

Найроби, 2026 жылғы 14 мамыр – Қазақстан Республикасының Кения Республикасындағы Елшісі Б.Садықов Кенияның Инвестициялар, сауда және өнеркәсіп министрі Ли Киньянжуимен кездесті.

Кездесу барысында тараптар екіжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді, сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы ынтымақтастықты дамыту жоспарларын, әртүрлі деңгейдегі алдағы екіжақты сапарларды және екіжақты құқықтық базаны кеңейту мәселелерін талқылады.

Кездесу қорытындысы бойынша екіжақты өзара іс-қимылдың барлық спектрі бойынша, соның ішінде сауда, транзиттік және көлік бағыттарын дамыту, Момбаса портын пайдалану, ауыл шаруашылығы, сондай-ақ бизнес өкілдерінің сапарларын ұйымдастыру және іскерлік кеңес құру салаларындағы ынтымақтастықты нығайту туралы келісімге қол жеткізілді.

Тараптар өзара мүдделі мәселелер бойынша, соның ішінде Сауда және инвестиция жөніндегі жұмыс тобының шеңберіндегі ынтымақтастықты жалғастыруға келісті.