Қазақстан делегациясы Конго Республикасы Президентінің ұлықтау рәсіміне қатысты

Қазақстан делегациясы Конго Республикасы Президентінің ұлықтау рәсіміне қатысты

Браззавиль, 2026 жылғы 16 сәуір – Қазақстан Республикасының Кения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Найробидегі БҰҰ бөлімшесі жанындағы Тұрақты өкілі Барлыбай Садықов Конго Республикасының жаңадан сайланған Президенті Дени Сассу Нгессоны ұлықтау салтанатты рәсіміне қатысты.

Ұлықтау рәсіміне бірқатар мемлекеттер мен үкіметтердің басшылары, халықаралық ұйымдардың жетекшілері және Браззавильде тіркелген дипломатиялық корпус өкілдері қатысты.

Рәсім барысында Барлыбай Садықов Қазақстан басшылығының ізгі тілектерін жеткізіп, Дени Сассу Нгессоны ресми түрде лауазымына кірісуімен құттықтады. Сонымен қатар, ол мемлекеттік құрылыста мен Конгоның алдағы даму жолында табыстар тіледі.

Елші Қазақстанның Конгомен саяси диалогты және сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мен тереңдетуге мүдделі екенін растады. Ол Президент Дени Сассу Нгессоның Қазақстанға жасаған табысты сапарын атап өтті, оның қорытындысы бойынша тараптар қаржы, АКТ, ғарыш және т.б. салаларда бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойған болатын.

Ұлықтау іс-шаралары аясында қазақстандық дипломат Конго Республикасының ресми тұлғаларымен бірқатар кездесулер өткізіп, өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады. Атап айтқанда, Конго Республикасы Президентінің стратегиялық мәселелер және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі жеке өкілі Франсуаза Жолимен және Конго Республикасы Сыртқы істер, франкофония және шетелдегі конголықтар істері жөніндегі министрлігінің Бас хатшысы Гай Нестор Итуамен кездесті. Қазақстан мен Конго Республикасы арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың жекелеген мәселелері қаралды.