Қазақстан мен Кения тау-кен өндіру және теңіз порттарын пайдалану саласындағы ынтымақтастықты дамытуға ниетті

Қазақстан мен Кения тау-кен өндіру және теңіз порттарын пайдалану саласындағы ынтымақтастықты дамытуға ниетті

Найроби, 2026 жылғы 27 наурыз – Қазақстан Республикасының Кения Республикасындағы Елшісі Барлыбай Садықов Кенияның Тау-кен өнеркәсібі, көгілдір экономика және теңіз істері министрі Хассан Джохомен кездесіп, минералдық ресурстарды барлау және өндіру саласындағы ынтымақтастықты дамыту перспективалары мен Кения теңіз порттарын пайдалану мәселелерін талқылады.

Х.Джохо Кенияның минералдық ресурстарының үлкен қоры және Қазақстанмен ынтымақтастық үшін зор әлеует бар екенін атап, Найробидің минералдық ресурстарды өндіру және Кенияның инфрақұрылымын, соның ішінде теңіз порттарын дамыту саласындағы Астанамен екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі екенін білдірді.

Кездесу қорытындысы бойынша кен өндіру өнеркәсібіндегі, транзиттік және көліктік бағыттарды дамытудағы, оның ішінде Кения порттарын пайдаланудағы ынтымақтастықты жандандыру және екі елдің сарапшыларының қатысуымен кездесулер ұйымдастыру туралы келісімге қол жеткізілді.