Қазақстан-Руанда қатынастары жаңа сапалы деңгейге көтерілуде

Қазақстан-Руанда қатынастары жаңа  сапалы деңгейге көтерілуде

Кигали, 2026 жылғы 6 наурыз – Руанда мемлекеттік сарайында Қазақстанның Руандадағы Елшісі Барлыбай Садықов Руанда Президенті Поль Кагамеге сенім грамоталарын табыс етті.

Сенім грамоталарын тапсырудың салтанатты рәсімі барысында Қазақстан Елшісі Астананың екі ел арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға, оның ішінде сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалардағы саяси диалог пен өзара іс-қимылды жандандыруға ерекше назар аударатынын мәлімдеді.

Кездесу барысында 2025 жылғы 27-29 мамырда Руанда Президенті Поль Кагаменің Қазақстанға жасаған ресми сапарының қорытындыларына ерекше назар аударылды. Елші осы сапар барысында қол жеткізілген уағдаластықтар екіжақты әріптестікті сапалы жаңа деңгейге шығару үшін берік негіз қалағанын атап өтті.

Өз кезегінде П.Кагаме Қазақстанды Руанданың маңызды әрі перспективалы серіктесі деп мәлімдеді және өзара қызығушылық тудыратын барлық салаларда, соның ішінде цифрландыру, тау-кен өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы және т.б. салаларда ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге дайын екенін білдірді. Ол Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен Астанадағы келіссөздерін жылы еске алып, бірлескен жобаларды жүзеге асыруға деген ұмтылысын растады.

Руанда Президенті Қазақстан Елшісін ресми түрде қызметке кірісуімен құттықтап, Қазақстан мен Руанда арасындағы қарым-қатынастарды одан әрі нығайту ісіне табыс тіледі.

Сондай-ақ, 2026 жылғы 6 наурызда "Самұрық-Қазына" АҚ Басқарма Төрағасы Нұрлан Жақыпов бастаған қазақстандық делегацияның Руандаға сапары өтті.   Сапар барысында "Тау-Кен Самұрық" АҚ қазақстандық ұлттық тау-кен компаниясы мен "Ngali Holding" руандалық холдингі Руандада сирек және сирек жер металдарының кен орындарын бірлесіп игеру туралы екіжақты келісімге қол қойды.

Қазақстан делегациясын Руанда Президенті Поль Кагаме қабылдады. Ол Келісімге қол қоюды құптай отырып, оның екі ел арасындағы қарым-қатынастарды сапалы жаңа деңгейге көтеретінін атап өтті. Президент П.Кагаме Қазақстан Президенті Қ.Тоқаевқа Қазақстанға сапары барысында қол жеткізілген келісімдерді іске асыруға бейілділігі үшін алғысын білдіріп, Қазақстан басшылығы мен халқына жылы лебіздерін жеткізді.