
Найроби, 2026 жылғы 25 ақпан – Қазақстан Республикасының Кения Республикасындағы Елшісі Б.Садықов Кения Парламенті Ұлттық Ассамблеясының Спикері Ж.М. Мозес М. Ветангуламен кездесті.
Кездесу барысында қазақстандық дипломат ҚР Президенті Қ.Тоқаев бастамасымен елде жүргізіліп жатқан саяси реформалар туралы егжей-тегжейлі хабардар етті. Осы контексте Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның қызметі, жаңа Конституция жобасының ережелері, сондай-ақ 2026 жылғы 15 наурызда Қазақстанның жаңа Конституциясы бойынша Республикалық референдумды өткізуге дайындық туралы ақпарат ұсынылды.
Сонымен қатар, Б.Садықов контр-әріптеске ҚР Парламентінің қызметі және Парламенттің Кениямен парламентаралық ынтымақтастықты кеңейтуге, соның ішінде Достық тобын құру және екі ел парламенттері арасында кездесулер өткізу арқылы мүдделілігі туралы егжей-тегжейлі хабарлады.
Ж.М. Мозес М.Ветангула, өз кезегінде, Қазақстан Республикасының жетістіктерін жоғары бағалай отырып, Кенияның парламенттік жүйесі туралы хабарлап, елдің негізгі даму жолдарын, соның ішінде жас ұрпақтың басымдығын ескеріп, экономикалық өсімді ынталандыру және әлеуметтік қорғауды жақсартуды атап өтті.
Сондай-ақ, Ж.М. Мозес М. Ветангула Кенияның Қазақстанмен екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделі екенін мәлімдеп, Найробидің парламентаралық қарым-қатынасты және екі ел арасындағы парламенттік делегациялар алмасуды, барлық салалардағы ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктерін қарастыруға дайын екенін атады.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар парламентаралық өзара іс-қимылды дәйекті түрде нығайту ниетін атап, сондай-ақ тұрақты саяси диалогты қолдаудың және парламентаралық байланыстарды жандандырудың маңыздылығына назар аударып, Қазақстан-Кения қарым-қатынасын одан әрі нығайту бойынша өзара мүдделілікті растады.