Қазақстан мен Кенияның Дінаралық кеңесі ынтымақтастық жолдарын белгіледі

Қазақстан мен Кенияның Дінаралық кеңесі ынтымақтастық жолдарын белгіледі

Найроби, 2026 жылғы 20 ақпан – ҚР Кения Республикасындағы Елшісі, ҚР Найробидегі БҰҰ Бөлімшесі жанындағы Тұрақты өкілі Барлыбай Садықовтың Кенияның Дінаралық кеңесінің (IRCK) Атқарушы директоры Лайнус Нтигаимен және ұйым басшылығының мүшесі, епископ Джон Варари, және Кения Үнді кеңесінің Төрағасы Суджата Котамраджумен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Елші Б.Садықов кениялық тарапты Қазақстанның этносаралық және конфессияаралық келісімнің бірегей моделі туралы егжей-тегжейлі хабардар етті. Ерекше назар Қазақстанның әлемдік диалогты ілгерілету жөніндегі бастамаларына, оның ішінде Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының Съезі аясындағы жұмыстарға, сондай-ақ бұл процеске Кения өкілдерінің қатысуына ерекше назар аударылды.

Тараптар діни негіздегі қақтығыстардың алдын алу және жастар ортасында толеранттылық құндылықтарын ілгерілету бойынша практикалық тәсілдерді талқылады.

Өз кезегінде, Лайнус Нтигаи Қазақстанның халықаралық аренадағы күш-жігерін жоғары бағалап, өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі қазақстандық институттармен тәжірибе алмасуға зор қызығушылық білдірді.

Кездесуге қатысушылар климаттың өзгеруінен бастап әлеуметтік теңсіздікке дейін — қазіргі жаһандық сын-қатерлерді шешуде діни көшбасшылардың бірлігінің маңыздылығын атап өтті.

Кенияның Дінаралық кеңесі-сенушілердің моральдық және әлеуметтік ресурстарын жұмылдыру және ортақ мәселелерді шешу, Кениядағы тұрақты бейбітшілік пен дамуға жәрдемдесу мақсатында конфессияаралық диалог пен ынтымақтастықты тереңдетуге бағытталған елдің негізгі діни қауымдастықтарының коалициясы.

Кенияда христиандық, атап айтқанда протестантизм мен католицизм басым. Халықтың едәуір бөлігі ислам мен жергілікті дәстүрлі нанымдарды ұстанады.

Кенияның Дінаралық кеңесінің Төрағасы Епископ Виллибард Китого Лагхо 2025 жылғы 17-18 қыркүйекте Қазақстанға келіп, Әлемдік және дәстүрлі көшбасшылар съезінің VIII отырысына қатысты.