
Найроби, 2026 жылғы 4 ақпан – Қазақстан Республикасының Кения Республикасындағы Елшісі Барлыбай Садықов Сыртқы істер және диаспора министрлігінің Экономикалық істер және коммерциялық дипломатия департаментінің директоры Матуру Эванс мырзамен кездесіп, екіжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді, сауда-экономикалық және қаржы салаларындағы ынтымақтастықты дамыту жоспарларын, әртүрлі деңгейдегі алдағы екіжақты сапарларды және екіжақты құқықтық базаны қалыптастыру мәселелерін талқылады.
Кездесу барысында қазақстандық дипломат контр-әріптесті мемлекеттік басқарудың тиімділігін одан әрі арттыруға және «Әділ Қазақстанды» құруға бағытталған Қазақстандағы жарияланған ауқымды конституциялық өзгерістер туралы хабардар етіп, олар бүкілхалықтық референдумға ұсынылатыны туралы ақпаратты жеткізді.
Сонымен қатар, тараптар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, көпжақты құрылымдар аясында тығыз ынтымақтастыққа деген ұмтылыстарын растады.
Кездесу қорытындысы бойынша екіжақты өзара іс-қимылдың барлық спектрі бойынша, соның ішінде қаржылық технологияларды дамыту, транзиттік және көлік бағыттары, оның ішінде Кения порттарын пайдалану, ауыл шаруашылығы және туризм салаларындағы ынтымақтастықты нығайту туралы келісімге қол жеткізілді.
Тараптар өзара мүдделі мәселелер бойынша, соның ішінде құрылған сауда және инвестиция жөніндегі Қазақстан-Кения жұмыс тобының шеңберінде ынтымақтастықты жалғастыруға келісті.