Масқат 2025 жылғы 27 наурызда - Қазақстан Республикасының Оман Сұлтандығындағы Елшісі Айдарбек Тұматовтың Оман Қаржы министрі Сұлтан Әл-Хабсимен кездесуі өтті.
Экономикалық ынтымақтастықтың неғұрлым әлеуеті зор бағыттары, атап айтқанда қаржы саласы мен портфельдік инвестицияларды тартудағы өзара іс-қимыл талқыланды.
Оман тарапы «Астана» халықаралық қаржы орталығын және Қазақстанның басқа да қаржы институттарын құру тәжірибесі мен қызметіне ерекше қызығушылық танытты.
Кездесу соңында Оман Қаржы министрінің биылғы мамыр айында Қазақстанға алдағы сапарын дайындау мәселелері, сондай-ақ Қазақстан-Оман инвестициялық ынтымақтастығын одан әрі кеңейту мәселелері талқыланды.