Қазақстан Сыртқы істер министрінің көңілі жеткізілді

Қазақстан Сыртқы істер министрінің көңілі жеткізілді

2024 жылғы 18 сәуірде ҚР Омандағы Елшісі Нәжмедин Мұхаметәліұлы Оманның Сыртқы істер министрі Бадр әл-Бусаидимен дипломатиялық миссияның аяқталуына орай қоштасу үшін кездесті.

Кездесу басында Елші Оманның бірқатар өңірлерінде су тасқыны салдарынан азаматтардың қаза болуына байланысты ҚР Сыртқы істер министрі атынан көңіл айтты.

Сонымен қатар, Президент Қ.К. Тоқаевтың жүзеге асырып жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалардың барысымен қысқаша таныстырды.

Сондай-ақ, Қазақстанның Омандағы Елшілігінің жұмысына көрсетіп жатқан қолдауы үшін ризашылық және Қазақстан-Оман ынтымақтастығының одан әрі қарай белсенді дамуына сенім білдірді.

Министр Бадр әл-Бусаиди Қазақстанды әлемде стратегиялық маңызы бар және өзара тиімді іс-қимылды дамыту үшін Орталық Азия аймағының негізгі мемлекеті ретінде сипаттады. Сонымен қатар алдағы уақытта екі ел министрлерінің сапарларын ұйымдастыру және Қазақстан-Оман үкіметаралық комиссиясының отырысын өткізу қажеттігін алға тартты.