Масқат қаласында Қазақстанмен парламентаралық ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Масқат қаласында Қазақстанмен парламентаралық ынтымақтастық мәселелері талқыланды

2024 жылғы 4 сәуірде ҚР Оман Сұлтандығындағы Елшісі Нажмедин Мұхаметәліұлы Оман Мәжіліс аш-Шурасының (Парламенттің төменгі палатасы) Төрағасы Халид әл-Мауалимен кездесті.

Келіссөздер барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен келешегін талқылады. Сондай-ақ халықаралық ұйымдар шеңберіндегі Астана мен Масқаттың өзара қолдауын қанағаттанушылықпен атап өтіп, бірқатар халықаралық мәселелер бойынша екі елдің ұқсас ұстанымын қуаттады. 

Қазақстан Елшісі Халид әл-Мауалиді Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси, әлеуметтік-экономикалық реформалармен, сондай-ақ халықаралық бастамалармен таныстырды.

Екіжақты ынтымақтастық аясында сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту бойынша мемлекеттік және жекеменшік компаниялардың белсенді жұмысына назар аударылды.

Кездесудің соңында, тараптар Қазақстан мен Оман арасындағы екіжақты ынтымақтастықты, оның ішінде парламентаралық диалогты нығайту арқылы тереңдетудің маңыздылығын атап өтті.