Қазақстан мен Оман білім беру саласында ынтымақтастықты нығайтуда

Қазақстан мен Оман білім беру саласында ынтымақтастықты нығайтуда

2024 жылғы 1 сәуірде ҚР Оман Сұлтандығындағы Елшілігінің кеңесшісі Н.Есімқұлов Сұлтан Қабус атындағы университеттің халықаралық ынтымақтастық Департаментінің директоры Махмуд Абдулла Алкиндимен кездесті.

Кездесу барысында тараптар білім беру саласындағы Казақстан-Оман қатынастарын дамыту перспективалары туралы пікір алмасты, сондай-ақ студенттермен алмасу мүмкіндіктерін талқылады.

Сондай-ақ, елшілік өкілі оман тарапын Президент Қ.Тоқаевтың Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінің және Қазақстанда жүргізіліп жатқан әлеуметтік-экономикалық реформалардың негізгі аспектілерімен таныстырды.