Қазақстан Елшілігі Омандағы дипломатиялық корпусқа Ауызашар берді

Қазақстан Елшілігі Омандағы дипломатиялық корпусқа  Ауызашар берді

2024 жылғы 24 наурызда Қасиетті Ораза айында Елшілік Масқатта тіркелген мұсылман және достас елдердің Елшілеріне,
сондай-ақ Оман Сұлтандығының СІМ өкілдеріне Ауызашар ұйымдастырды.

Елші Н.Мұхаметәліұлы іс-шараға қатысушыларды Ораза айымен құттықтап оларды ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында сөйлеген сөзінің негізгі мазмұнымен таныстырды.

Сонымен қатар, Ауызашарда Қазақстан мен Оман арасындағы екіжақты байланыстардың оң перспективалары атап өтілді.