2022 жылғы 20 қарашада Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын өткiзу туралы

2022 жылғы 20 қарашада  Қазақстан Республикасы Президентінің  кезектен тыс сайлауын өткiзу туралы

Құрметті отандастар!

2022 жылғы 20 қарашада (жергілікті уақыт бойынша 07:00-ден 20:00 дейін) Қазақстан Республикасының Оман Сұлтандығындағы Елшілігі жанындағы №284 сайлау учаскесінде Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында дауыс беру өтеді.

Қазақстанның 18 жасқа толған және белсенді дауыс беру құқығына ие әрбір азаматының Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында дауыс беруге конституциялық құқығы бар. 

Қазақстан Республикасының Оман Сұлтандығындағы Елшілігі жанындағы №284 сайлау учаскесіндегі сайлаушылар тізіміне Оманда уақытша немесе тұрақты тұратын барлық Қазақстан Республикасының азаматтары енгізіледі.

Сайлаушылар тізіміне енгізу үшін Оман аумағындағы әрбір азамат өзіне қатысты ақпаратты (Т.А.Ә., ЖСН, тұратын мекенжайы, байланыс деректері) muscat@mfa.kz электрондық мекенжайына «Президент сайлауы 2022» белгісімен жолдау қажет.

Қосымша ақпаратты ҚР Орталық сайлау комиссиясының www.election.gov.kz ресми сайтында, сондай-ақ Елшіліктің бұдан кейінгі ақпараттық хабарламаларында табуға болады.

Қосымша сұрақтарыңыз болған жағдайда көрсетілген электрондық поштаға немесе келесі байланыс нөмірлеріне хабарласуды сұраймыз:
+ 968-9612-7672, + 968-7211-6161.

ҚР Оман Сұлтандығындағы Елшілігі жанындағы № 284 сайлау учаскесі