6 шілде – Елорда күні

6 шілде – Елорда күні

ҚҰРМЕТТІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР!

Баршаңызды 6 шілде – Елорда күнімен құттықтаймыз!

Нұр-Cұлтан – тәуелсіздіктің, халқымыздың жаңғыруы мен рухани өрлеуінің символы. Көпұлтты және конфессияаралық еліміздің достығы мен бірлігінің кепілі.

Біздің астанамыз Қазақстанның жоғары әлеуметтік стандарттарының ілгерілеуі мен экономикалық өрлеудің көрінісіне айналды.

Біздің жас астанамыз гүлдене берсін, ал әрбір отбасының өмірі қуанышқа, амандыққа және ертеңгі күнге деген сенімділікке толы болсын!

Мереке құтты болсын, қымбатты қазақстандықтар!

Ізгі ниетпен,

Қазақстан Республикасының Оман Сұлтандығындағы Елшілігі