Қазақстан мен Оман инвестициялық ынтымақтастықты үдетуге мүдделі

Қазақстан мен Оман инвестициялық ынтымақтастықты үдетуге мүдделі

2021 жылғы 28 маусымда ҚР Елшісі Н.Мұхаметәліұлы Оманның инвестициялық қорының (Oman Investment Authority) Президенті Абдуссалам әл-Муршидимен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар экономикалық саладағы Қазақстан мен Оман
қарым-қатынастарының өзекті мәселелерін, сондай-ақ екі елдің инвестициялық ынтымақтастығының перспективаларын талқылады.

Сонымен қатар, Абдуссалам әл-Муршиди Қазақстанда іскерлік ахуалды жақсарту және шетелдік инвесторларды қолдау бойынша жүргізіліп жатқан ауқымды жұмыс туралы хабардар етілді.

Өз кезегінде, Инвестициялық қорының басшысы оман тарапының Қазақстанмен ынтымақтастықты одан әрі дамытуға, бірлескен кәсіпорындар ашуға, сондай-ақ бірлескен қазақстан-оман инвестициялық қорын құруға мүдделі екендігін атап өтті.