Қазақстан мен Оман Іскерлік клубын құрды

Қазақстан мен Оман Іскерлік клубын құрды

Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы мен Оманның Сауда және өнеркәсіп палатасы арасында онлайн кездесу өтті.

Тараптар екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі дамыту жолдарын талқылады. Кездесу шеңберінде Қазақстан-Оман Іскерлік клубы құрылды.

Аталған Іскерлік клубтың күн тәртібінде экономикалық ынтымақтастықты дамыту мақсатында мұнай-газ, тау-кен, ауылшаруашылық, машина құрастыру, көлік және логистика салаларындағы нақты жобалар қарастырылатын болады.

Сонымен қатар, кездесудің қорытындылары бойынша тараптар 2021 жылдың ІІ жартыжылдығында бизнес-форум өткізуге келісті.