Қазақстанның конфессияаралық және этносаралық татулықтың бірегей моделін насихаттауға бағытталған меморандумға қол қойылды

Қазақстанның конфессияаралық және этносаралық татулықтың бірегей моделін насихаттауға бағытталған меморандумға қол қойылды

2021 жылы 17 маусымда «Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығы» КЕАҚ және «ASDAA Oman» онлайн-газеті арасында ынтымақтастық туралы меморандумға онлайн форматында қол қойылды.

Аталған іс-шараға ҚР Омандағы Елшісі Н.Мұхаметәліұлы, «Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығы» Басқарма Төрағасы Б.Сәрсенбаев, «ASDAA Oman» онлайн-газетінің Бас редакторы Әли әл-Хасани, сондай-ақ жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.

Аталған меморандум екі ұйым арасында ақпарат алмасу саласында ынтымақтастық орнатып, Қазақстанның конфессияаралық және этносаралық татулықтың бірегей моделін насихаттауға бағытталған.