2021 жылғы 15 маусымда ҚР Оман Сұлтандығындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Н.Мұхаметәліұлы Оман Сұлтандығының бұрыңғы Сыртқы істеріне жауапты министрі Юсуф бен Алауимен кездесті.
Кездесу барысында тараптар халықаралық күн тәртібі бойынша пікір алмасты.
Оман тарапы Қазақстанның халықаралық бастамаларына қызығушылық танытып, екі мемлекеттің халықаралық мәселелер бойынша ұстанымдарының ұқсастығын атап өтті.
Юсуф бен Алауи ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Ядролық қауіпсіздік және ядролық қарудан азат әлем үшін Көшбасшылардың Жаһандық Альянсы бастамасына қосылуына ниетін білдірді.