ҚҰРМЕТТІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР!
Баршаңызды Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл ерекше мейрам – бейбіт өміріміз, азаттығымыз бен жарқын болашағымызды қорғаған соғыс қаһармандарының ерлігі мен айбынның символы.
Бұл күні біз үшін зор мақтаныш пен нағыз патриотизмнің үлгісіне айналған ардагерлердің алдында басымызды иеміз.
Олардың ерлігін жадында сақтап, оны кейінгі ұрпаққа мұқият жеткізу – біздің қастерлі борышымыз.
Осы мерекелік күнде баршаңызға зор денсаулық, бақыт, құт-береке тілейміз!
Аспанымыз әрдайым ашық болсын!
Ізгі ниетпен,
Қазақстан Республикасының Оман Сұлтандығындағы Елшілігі