Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІХ сессиясы туралы

Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІХ сессиясы туралы

2021 жылғы 28 сәуірде Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың төрағалығымен «Бірліктің, татулық пен келісімнің 30 жылы» күн тәртібіндегі Қазақстан халқы Ассамблеясының (одан әрі - ҚХА) XXIX сессиясы өтті.

Сессия барысында ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев ҚХА төрағасы өкілеттілігін Қазақстан Республикасының Президенті К.К.Тоқаевқа тапсырды. Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының Құрметті төрағасы болды.

Ісшарада Елбасы «Қазақстан халқы Ассамблеясы қазіргі Президенттің жанында тірек ретінде тұруы керек» деп мәлімдеді. Сондай-ақ, Н.Ә.Назарбаев елдегі және қоғамдағы тұрақтылықты сақтау үшін жұмыс істеуге шақырды.

К.К.Тоқаев, өз кезегінде, әлемдегі геосаяси тұрақсыздық аясында Қазақстан берік артықшылыққа ие екенін айтты. Бұл халықтың келісімі мен бірлігі және елдің экономикалық әлеуеті.

ҚХА ХХІХ сессиясының соңында Үндеу қабылданды, онда «30 жыл бұрын Тәуелсіздікке алғаш қол жеткізгеннен бастап халқымыз қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті ел дамуының басты ұстанымы ретінде таңдағаны айтылды». Бұл қағидат табысты әрі ауқымды әлеуметтік-экономикалық реформалардың, сондай-ақ ұлттың әлеуметтік капиталын дамытудың мызғымас іргетасына айналды.

Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІХ сессиясының нәтижелері мен оған қатысты айтылған пікірлерімен ҚХА-ның ресми сайтында - https://assembly.kz/ танысуға болады.