1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні

ҚҰРМЕТТІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР!

Баршаңызды 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл мереке ғасырлар бойы қазақ жерінде берік орныққан достық пен ауызбіршілік сияқты қастерлі құндылықтарға негізделген мызғымас азаматтық патриотизм мен ұлтаралық келісімнің жарқын белгісі.

Қазақстан халқының бірлігі мен қоғамдық келісім арқасында еліміз кез-келген қиындықтарды жеңіп, әлеуметтік-экономикалық реформаларды тиімді іске асыруға болатындығын дәлелдеді.

Осы мерекелік күнінде әр шаңыраққа татулық пен құт-береке, елімізге бірлік пен гүлдену тілейміз!

Ізгі ниетпен,

Қазақстан Республикасының Оман Сұлтандығындағы Елшілігі