Алғыс айту күнінде Оман Жазушылар одағының төрағасына алғыс айтылды

Алғыс айту күнінде Оман Жазушылар одағының төрағасына алғыс айтылды

2021 жылғы 1 наурызда «Алғыс айту күнінде» Оман Жазушылар одағының төрағасы Саид Мохаммед ас-Сақлавиге оның Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығын атап өтуге елеулі үлес қосқаны үшін Қазақстанның  Омандағы Елшісі Н.Мұхаметәліұлы ҚР Мәдениет және спорт министрі атынан алғыс хатын табыстап, Қазақстан мен Оман арасындағы мәдени ынтымақтастықты тереңдетуге бағытталған әсерлі қолғабысы үшін ризашылық білдірді.

Өз кезегінде, Саид Мохаммед ас-Сақлави Қазақстанды Тәуелсіздіктің 30-жылдығымен және 1 наурыз – Алғыс айту күнімен құттықтап, келе жатқан Наурыз мейрамына орай елімізге және бүкіл қазақстандықтарға құт-береке мен таусылмас табыстар тіледі.