1 наурыз – Алғыс айту күні!

1 наурыз – Алғыс айту күні!

ҚҰРМЕТТІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР!

 

Баршаңызды 1 наурыз – Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Алғыс айту күні – Қазақстанға күштеп қоныс аударылған ұлттардың қиын жылдары қазақ халқы көрсеткен қамқорлығы мен мейірімділігіне ризашылық білдіру күні.

Сондай-ақ, бұл мереке бәрімізге ортақ шаңыраққа айналған киелі қазақ жеріне деген алғыс білдіру күні деп танылады.

Осы мерекелік күнінде әр бір қазақстандық отбасыға бақ-береке, игілік пен ырыс, елімізге татулық пен гүлдену тілейміз!

 

Ізгі ниетпен,

Қазақстан Республикасының Оман Сұлтандығындағы Елшілігі