Қазақстан мен Оман парламентаралық ынтымақтастықты тереңдетуді көздеуде

Қазақстан мен Оман парламентаралық ынтымақтастықты тереңдетуді көздеуде

2021 жылғы 24 ақпанда Қазақстанның Омандағы Елшісі Н.Мұхаметәліұлы Оман Сұлтандығының аш-Шура Мәжілісінің (Парламенттің төменгі палатасы) Төрағасы Халид бен Хилал әл-Мауалимен кездесті.

Кездесуде тараптар екіжақты парламентаралық қатынастардың жай-күйін және болашағын талқылады. Сондай-ақ, Қазақстанның Елшісі сұхбаттасушыны ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың саяси реформаларымен және Қазақстанның тәуелсіздік жылдары қолжеткізген жетістіктерімен таныстырды.

Өз кезегінде, Оман Мәжілісінің Төрағасы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдық мерейтойымен құттықтап, екі елдің заң шығарушы органдарының қатынастары одан әрі тереңдей түсетініне сенім білдірді.