
Құрметті отандастар!
2026 жылғы 23 тамызда (Мақат уақытымен 07:00-ден 20:00-ге дейін) Қазақстан Республикасының Оман Сұлтандығындағы Елшілігі жанындағы №448 сайлау учаскесінде Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау өтеді.
Қазақстан Республикасының Оман Сұлтандығындағы Елшілігі жанындағы №448 сайлау учаскесінің сайлаушылар тізіміне жасы он сегізге толған, Оман аумағында тұрақты немесе уақытша тұратын Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаттары бар азаматтар енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Оман Сұлтандығындағы Елшілігінің мекен-жайы: Масқат қаласы, Madinat Al Ilam, Way 1570, Villa 5024.
Сайлау өтетін күні өздеріңізбен Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты болуы керек.
Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау жөніндегі қосымша ақпаратты Сіздер Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының www.election.gov.kz ресми сайтынан таба аласыздар.
Баршаңызды азаматтық жауапкершілік танытуға және сайлауға қатысу құқықтарыңызды іске асыруға шақырамыз!