Қазақстан мен Оман бизнес қауымдастықтарының өзара қызығушылығы Оман Сұлтандығының Сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасымен кездесу барысында талқыланды

Қазақстан мен Оман бизнес қауымдастықтарының өзара қызығушылығы Оман Сұлтандығының Сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасымен кездесу барысында талқыланды

Масқат, 2026 жылғы 24 маусымда - Қазақстан Республикасының Оман Сұлтандығындағы Елшісі А.Тұматов Оман Сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы шейх Файсал бен Абдалла Әл-Рауаспен кездесті. Тараптар сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы ең келешегі зор бағыттарды, сондай-ақ екі ел арасындағы тауар айналымын арттыруға бағытталған бірлескен практикалық қадамдарды талқылады.

Оман тарапы Қазақстанның ауыл шаруашылығы өнімдері мен өнеркәсіптік тауарларына қызығушылық танытып, жергілікті нарықтың қажеттіліктерімен танысу үшін қазақстандық кәсіпкерлер делегацияларын Масқат қаласында қабылдауға дайын екенін хабарлады.

Кездесудің маңызды нәтижелерінің бірі ретінде Қазақстан-Оман Іскерлік Кеңесін құру мәселесі қарастырылды. Тараптардың пікірінше, бұл бастама екі елдің іскерлік топтары арасындағы ынтымақтастықты едәуір жандандырады.