Оман Сұлтандығының Сыртқы істер министрлігінде екіжақты ынтымақтастықты жандандыру бойынша күш-жігерді үйлестіру мәселелері талқыланды

Оман Сұлтандығының Сыртқы істер министрлігінде  екіжақты ынтымақтастықты жандандыру бойынша  күш-жігерді үйлестіру мәселелері талқыланды

2026 жылғы 17 ақпанда алдағы уақыттағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту бойынша күш-жігерді үйлестіру аясында Қазақстан Республикасының Оман Сұлтандығындағы Елшісі Айдарбек Тұматов Оман Сыртқы істер министрлігінің Орталық Азия департаментінің директоры Ахмад Әл-Маскаримен кездесті.

Тараптар 2025 жылы жасалған бірлескен жұмыстың елеулі нәтижелері мен табысты өткен сапарларды атап өтті. Ағымдағы жылға арналған жоспарларды талқылау барысында өзара іс-қимылдың қазіргі белсенді қарқынын сақтау жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді. Саяси салада жоғары және ең жоғары деңгейдегі сапарларды ұйымдастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Бұл екіжақты қарым-қатынастар дамуының жаңа кезеңіне шығуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, екі ел арасындағы шарттық-құқықтық базаны одан әрі қарай кеңейту қажеттілігі айтылды.

Сондай-ақ Елші А.Тұматов өзінің сұхбаттасын 2026 жылғы 15 наурызда Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы бойынша өтетін Республикалық референдум туралы хабардар етті. Бұл іс-шара ағымдағы жылғы елдің негізгі саяси оқиғаларының бірі болмақ. Оман тарапының өкілдері алдағы маңызды іс-шараға қызығушылық танытып, Қазақстандағы конституциялық реформаның осы кезеңінің маңыздылығын атап өтті.

Кездесу соңында қазақстандық дипломат Иранның ядролық бағдарламасының мәселесі бойынша осы күндері жүргізіліп жатқан келіссөздер барысында Оманның маңызды рөлін атады.