2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өткiзу туралы

2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өткiзу туралы

Құрметті Қазақстан Республикасы азаматтары!

Сіздерді 2026 жылғы 15 наурызда өтетін республикалық референдумға қатысуға шақырамыз. 2026 жылғы 15 наурызда Масқат уақыты бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін Қазақстан Республикасының Оман Сұлтандығындағы Елшілігі жанындағы №448 сайлау учаскесінде жаңа Конституция жобасы бойынша республикалық референдум өтеді. №448 сайлау учаскесіндегі сайлаушылар тізіміне 18 жасқа толған, Оманда уақытша немесе тұрақты тұратын және Қазақстан Республикасы азаматының жарамды паспорты немесе жеке куәлігі бар барлық Қазақстан Республикасы азаматтары енгізіледі.

Сайлаушылар тізіміне енгізілу үшін азаматтар өз деректерін (аты-жөні, ЖСН, Омандағы тұрғылықты мекенжайы, байланыс телефоны) muscat@mfa.kz электрондық поштасына (ҚР Орталық сайлау комиссиясына жолдау үшін) жіберуі қажет. Дауыс беру күні өзіңізбен бірге Қазақстан Республикасы азаматының паспорты болуы тиіс.