Масқат, 2025 жылғы 31 желтоқсан – «Астанадағы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының Съезі тұрақты дінаралық диалогтың үлгісі ретінде» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға 2022 жылы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII Съезінің жұмысына қатысқан Оман Сұлтандығы Бас мүфти Кеңсесінің бас хатшысы Шейх Ахмад бен Сауд бен Саид Ас-Сияби, Өзбекстан Республикасының Оман Сұлтандығындағы Елшісі Абдусалом Хатамов, Оманның сараптамалық-талдау топтары мен БАҚ өкілдері қатысты.
Қазақстан Республикасының Оман Сұлтандығындағы Елшісі А.Тұматов өз сөзінде іс-шараға қатысушыларды Съездің тарихы, оның даму кезеңдері туралы қысқаша хабардар етіп, ағымдағы жылдың 17-18 қыркүйегінде өткен #Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының кезекті #VIII Съезінің негізгі жайттарына егжей-тегжейлі тоқталды.
Сонымен қатар, Шейх Ахмад Ас-Саяби өз сөзінде VII съезд жұмысына қатысқаны туралы жақсы естеліктерімен бөлісті. Оман дінбасыларының өкілі Астанадағы форум өзін дінаралық диалогты, өзара сенім мен бейбітшілік мәдениетін нығайтуға ықпал ететін танылған және беделді халықаралық платформа ретінде танытқанын атап өтті. Оның айтуынша, съездің қызметі діннің жасампаздықтың, бейбітшілік пен келісімнің қайнар көзі бола алатындығын және болуы керектігін айқын көрсетеді.
Сондай-ақ, бұл іс-шараның басқа да қатысушылары Астана діни форумының дінаралық диалогты ұйымдастырудағы бірегей тәжірибесін атап өтіп, Қазақстан мен Оманның бейбітшілікті, үйлесімділікті және өркениетаралық өзара түсіністікті нығайтуға көзқарастарының ұқсастығын, сондай-ақ екі елдің толеранттылық, өзара құрмет және бейбіт қатар өмір сүру қағидаттарына танылғанын беріктігін құаттады.
Қорытындылай келе, дөңгелек үстелге қатысушылар өзара сыйластық, жауапкершілік және шешімдерді бірлесіп іздеу қағидаттарына негізделген осындай диалогты одан әрі қарай дамыту жаһандық тұрақтылық пен өзара түсіністікті нығайтуға маңызды үлес болып табылатынына сенім білдірді.