Қазақстан мен Оманның сыртқы істер министрлері БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-сессиясы аясында кездесу өткізді

Қазақстан мен Оманның сыртқы істер министрлері БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-сессиясы аясында кездесу өткізді

Нью-Йорк, 2025 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші мерейтойлық сессиясына қатысу аясында Оман сыртқы істер министрі Бадр Әл-Бусаидимен екіжақты кездесу өткізді.

Кездесу барысында сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы әріптестікті тереңдету мәселелеріне баса назар аударылды. Тараптар тұрақты даму мен жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін халықаралық ұйымдар шеңберінде іс-қимылды үйлестірудің маңыздылығын жеткізді.