Масқат, 2025 жылғы 11 қыркүйек – Қазақстан Республикасының Оман Сұлтандығындағы Елшісі Айдарбек Тұматовтың «Nizwa Bank» Оман ислам банкінің төрағасы, «Maamoura Wheat Trading LLC» Оман инвестициялық компаниясының иесі шейх Халед Әл-Халилимен кездесті.
«Maamoura Wheat Trading LLC» компаниясы 2025 жылдың мамыр айында астық және басқа да ауыл шаруашылығы жүктерін темір жол арқылы тасымалдаумен айналысатын «Астық Транс» АҚ-ның 100% акциясын сатып алған.
Тараптар Қазақстан мен Оман арасындағы инвестициялық және сауда-экономикалық ынтымақтастықтың келешегі зор бағыттарын егжей-тегжейлі талқылады. Атап айтқанда, Оман тарапы қазақстандық банк саласының жұмысына және Қазақстан экономикасының басқа да едәуір тиімді секторларына инвестиция құю мүмкіндіктеріне қызығушылық танытты.
Елші А.Тұматов омандық бизнесменді еліміздің банк саласының қазіргі жағдайы, Қазақстанның қаржы нарығын дамытудың негізгі үдерістері туралы хабардар етті. Тікелей шетелдік инвестицияларды тарту тұрғысынан ұлттық экономиканың бірқатар өнімді салаларын атап өтті.
Кездесудің қорытындысы бойынша тараптар Қазақстанның экономикасына Оманның инвестицияларын тарту мәселелерін пысықтау мақсатында орнатылған жұмыс байланыстарын жалғастыруға келіскен.