Қазақстан мен Оман арасындағы дипломатиялық кадрларды даярлау саласындағы ынтымақтастық

Қазақстан мен Оман арасындағы дипломатиялық кадрларды даярлау саласындағы ынтымақтастық

Масқат, 2025 жылғы 11 қыркүйек – Қазақстан Республикасының Оман Сұлтандығындағы Елшісі Айдарбек Тұматовтың Оманның Сыртқы істер министрлігі жанындағы Дипломатиялық академиясының ректоры Хүмайд Әл-Маанимен кездесті.

Кездесуде Елші оны Қазақстан мен Оман арасындағы екіжақты қарым-қатынастардың қазіргі жай-күйі, олардың дамуындағы жетістіктер мен 2025 жылда өткен маңызды сапарлар туралы хабардар етті. Тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық және көлік-логистикалық ынтымақтастықтың келешегі зор бағыттарын егжей-тегжейлі талқылады. Бұдан әрі қарай бірлесіп істейтін жұмыстың елеулі әлеуеті бар екендігі аталып өтті. Сондай-ақ Х.Әл-Маани жақын арада шыққан ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауының негізгі жайттарымен таныстырылды.

Сонымен қатар, оман тарапына дипломатиялық қызмет қызметкерлерін кәсіби даярлау саласындағы ынтымақтастық пен озық тәжірибемен алмасуды бастау, сондай-ақ ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Дипломатия институтымен ынтымақтастық туралы тиісті меморандумға қол қою ұсынылды.

Оман Сыртқы істер министрлігі жанындағы Дипломатиялық академиясының ректоры осы бастамаларды құптай отырып, қазақстандық сарапшылар мен лекторларды қабылдауға, сондай-ақ әртүрлі форматтағы бірлескен семинарлар өткізуге дайын екендігін білдірді.