
Масқат, 2025 жылғы 5 қыркүйек - Қазақстан Республикасының Оман Сұлтандығындағы Елшісі Айдарбек Тұматов Оман Сұлтандығының «Sohar International» банкінің халықаралық ынтымақтастық мәселелері жөніндегі атқарушы директоры Әзиз Әл-Джахдамимен кездесті.
Сұхбат барысында тараптар Қазақстан мен Оман арасындағы инвестициялық және сауда-экономикалық ынтымақтастықтың келешегі зор бағыттарын кеңінен талқылады. Атап айтқанда, оман тарапы Қазақстанның банк секторының жұмысы және инвестициялық мүмкіндіктеріне қызығушылық танытты.
Елші оман тарапын еліміздің банк саласының қазіргі жағдайы, оның даму негізгі үрдістері, Қазақстандағы қаржы нарығының аса ірі акторларының активтері мен қызметтері туралы мәлімет берді. Ондағы кейінгі уақытта активтер мен таза пайданың ұлғаюы отандық банк секторы тұрақты өсім көрсетіп отырғанын атап өтті. Қаржы нарығы жаңа цифрлық технологияларды енгізудің және жаңа банк өнімдерінің пайда болуының арқасында белсенді дамып келеді.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар қаржы ұйымдарымен және мүдделі мемлекеттік органдармен ынтымақтастық мәселелерін талқылау үшін жақын арада "Sohar International" банкі делегациясының Қазақстанға сапарын ұйымдастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізді.