Астана, 2025 жылғы 17 маусым – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Оман Сұлтандығының Сыртқы істер министрі Бадр Әл-Бусаидимен телефон арқылы сөйлесті.
Тараптар саяси, сауда-экономикалық, көлік-логистика және инвестиция салаларындағы екіжақты қатынастардың жүйелі дамып келе жатқанын атап өтті. Қазақстан мен Оманның өңірлік логистикалық хаб ретіндегі стратегиялық әлеуетін ескере отырып, транзиттік бағыттарды дамыту мәселесінің маңыздылығына назар аударылды.
Сонымен қатар сұхбаттастар өңірлік және жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, оның ішінде Таяу Шығыстағы ахуал бойынша пікір алмасты.
М.Нұртілеу өңірдегі қауіпті әскери эскалацияға байланысты алаңдаушылық білдіріп, Қазақстанның ұстанымын жеткізді және қақтығысты халықаралық құқық қағидаттарына сай дипломатиялық жолмен реттеудің маңыздылығын атап өтті.
Сұхбат нәтижесінде Қазақстан мен Оман сыртқы саяси ведомстволар басшылары екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға, сондай-ақ БҰҰ, ИЫҰ және басқа да халықаралық пен өңірлік ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылды жалғастыруға бейілділігін растады.