Меню

Страницы

Статья

Қазақстан-Оман қарым қатынастары

Қазақстан Республикасы мен Оман Сұлтандығы арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылғы 27 сәуірде орнатылды.

Масқаттағы Қазақстан Республикасының Елшілігі 2010 жылдың 15 қазанда ашылды. Қазақстандағы Оман Елшілігі 2006 жылдың тамыз айынан бастап жұмыс істейді.

2019 жылдың мамырында Нажмедин Мұхаметәліұлы Қазақстан Республикасының Оман Сұлтандығындағы Елшісі болып тағайындалды.

2020 жылғы наурыздан бастап Оман Сұлтандығының Қазақстан Республикасындағы Елшісі лауазымына Мұхаммед әл-Бахрани тағайындалды

2022 жылы Қазақстан мен Оман дипломатиялық қарым-қатынастардың 30-жылдығын атап өтуде. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан-Оман ынтымақтастығы тұрақты және серпінді дамып, саясат, экономика, сауда, мәдениет және туризм салаларындағы қатынастар дәйекті түрде нығайтылды.

Екіжақты қарым-қатынастарда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 1997 жылы қыркүйекте Оманға алғашқы ресми сапары тарихи маңызға ие болды.

Экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту шеңберінде 2008 жылдың 15-18 наурызында Сұлтан Қабус бен Саидтің шақыруымен Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың Оманға екінші сапары өтті.

Парламентаралық ынтымақтастық өз жалғасын табуда. 2019 жылғы 23-24 қыркүйекте Астана қаласында өткен Еуразиялық парламентшілер спикерлерінің IV-отырысына Оман Консультативтік кеңестің (Парламенттің төменгі палатасы) Төрағасы Халид Әл-Мауали қатысты. Сапар барысында ол ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевпен, ҚР Парламентінің екі палатасының спикерлері және ҚР Премьер-Министрімен кездесті.

2019 жылғы 9-10 желтоқсанда ҚР Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Б.Бекназаров Оманға сапармен барды. Сапар барысында қазақстандық делегация Оман Мемлекеттік Кеңестің (жоғарғы палата) төрағасы Яхя әл-Манзери, оның орынбасары Әл-Хаттаб әл-Хинаимен және Консультативтік Кеңестің (төменгі палата) төрағасы шейх Халед әл-Мауалимен кездесті.

Екі ел арасындағы іскерлік әріптестіктің серпінділігі байқалуда. 2022 жылғы қаңтар-тамыз аралығында Қазақстан мен Оман арасындағы тауар айналымы 5,6 млн  АҚШ долл. жетті. Екі ел арасындағы тауар айналымы 2021 жылы 2,8 млн. АҚШ долл., 2020  жылы 273,5 мың АҚШ долл., ал 2019 жылы 472 мың АҚШ долл. құраған болатын.

2005 және 2020 жж. желтоқсан аралығында Оманнан Қазақстанға тікелей инвестициялардың жалпы ағыны 253,4 млн. АҚШ долларын құрады. Оманның «OQ» мемлекеттік мұнай компаниясы Халықаралық консорциум шеңберінде Қазақстандағы «Дунга» мұнай кен орынын игеруге қатысады.

2019 жылдың қыркүйегінен бастап Қазақстан Оман азаматтары үшін бір ай мерзімге визасыз режим енгізді. 2022 жылдың сәуір айынан бастап Оманда Қазақстан азаматтары үшін 14 күндік визасыз режим жарияланды. Ынтымақтастық туризм, транзит-көлік және басқа да салаларда белсенді дамып келеді.

Дата публикации
23 марта 2020
Дата обновления
30 марта 2020
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
18 марта 2024
Қазақстан Республикасына кіруге және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік өтуге визалар беру, олардың мерзімін ұзарту
Ақпарат
18 марта 2024
Құжаттарды заңдастыру
18 марта 2024
Шет ел азаматтары үшін консулдық бөлім қызметтері

Социальные медиа

Меню подвал

Өмірлік жағдайлар
Мемлекеттік органдардың жаңалықтар арнасы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
ҚР Парламентінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Тұрақты даму мақсаттары