Бас консулдықта Наурыз мейрамы қарсаныңда іс-шара өткізілді

Бас консулдықта Наурыз мейрамы қарсаныңда іс-шара өткізілді

Ү.ж. 8 сәуірінде Бас консулдық Бавариядағы диаспора өкілдерімен және шетелде тұратын отандастармен «Наурыз» мейрамына арналған кездесу өткізді. Іс-шараға консулдық округтегі студенттер, іскер серіктестер, сондай-ақ диаспораның белсенді мүшелері қатысты.

Достық атмосферада өткен кездесу барысында дипломаттар қонақтарға консулдық және экономикалық салалардағы жұмыстарының ерекшеліктері, Бас консулдық ұйымдастырған іс-шаралар, сондай-ақ осы жылға жоспарланған жобалар туралы айтып берді және аталған іс-шараларға белсенді қатысуға шақырды.