«Unternehmertag 2025» халықаралық іскерлік форумына қатысу туралы

«Unternehmertag 2025» халықаралық іскерлік форумына қатысу туралы

Ү.ж. 20-21 наурызда Бас консулдық Тегернзее көлінің жағасында өткен «Unternehmertag 2025» форумына қатысты. Бұл форум – Еуропаның ең ірі іскерлік алаңдарының бірі болып табылады.

«Unternehmertag» әдетте жетекші кәсіпкерлерді, инвесторларды және саясаткерлерді жинап, негізгі экономикалық үрдістерді, инновацияларды және халықаралық ынтымақтастықты талқылауға арналған бірегей алаң ұсынады. Форум аясында Бас консулдықтың өкілдері Қазақстанның инвестициялық әлеуетін таныстырып, оның Еуропа мен Азия арасындағы стратегиялық көпір ретіндегі маңыздылығын атап өтті.

Қазақстанның Мюнхендегі Бас консулдығы, екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықты нығайту бойынша белсенді жұмысын жалғастыа отырып, жаңа серіктестік мүмкіндіктерін іздестіруде.