Ү.ж. 12-16 наурыз аралығында Мюнхенде заманауи зергерлік өнердің ең ірі халықаралық «Munich Jewellery» Week көрмесі өтті. Қазақстан бұл беделді іс-шараға алғаш рет Syldyr жобасымен қатысып, елдің зергерлік өнеріне арналған фотокөрме ұйымдастырды. Көрме халықаралық қауымдастықтың үлкен қызығушылығын тудырып, қазақстандық зергерлердің бірегей көркемдік дәстүрлері мен инновациялық тәсілдерін көрсетті.
Жоба Қазақстанның Мюнхендегі Бас консулдығының қолдауымен жүзеге асырылды. Бұл мәдени байланыстарды нығайтуға және әлемдік өнер қауымдастығының қазақстандық зергерлік өнерге деген назарын аударуға мүмкіндік берді. Syldyr жобасының «Munich Jewellery Week 2025» көрмесіне қатысуы қазақстандық суретшілерді халықаралық аренада танытуға жасалған маңызды қадам болып, олардың шығармашылығы мен ынтымақтастығы үшін жаңа мүмкіндіктер ашты.