Қазақстанның Бас консулдығының ұйымдастыруымен «Дөңгелек үстел Қазақстан – Тюрингия» кездесуі өтті

Қазақстанның Бас консулдығының ұйымдастыруымен «Дөңгелек үстел Қазақстан – Тюрингия» кездесуі өтті

Ү.ж. 12 наурызда Германияның Эрфурт қаласында Қазақстанның Бас консулдығы ұйымдастырған «Қазақстан-Тюрингия» атты дөңгелек үстелі өтті, оның жұмысына ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі О.Сапарбеков бастаған Қазақстан делигациясы және Қазақстанның Германиядағы Елшісі Н.Онжанов, Қарағанды қаласы әкімдігінің, ҚР Көлік министрлігінің, «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы», «Kazakh Invest», «ҚазАвтоЖол», «Qaz Textile Industry» және «ҚР жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының қауымдастығы» бірлестігіның өкілдері қатысты.

Күн тәртібінде Қазақстанның жеңіл өнеркәсібіне арналған инновациялық технологиялар, кәсіптік білім беру және қазақстандық-неміс Кәсіптік оқыту орталығын құру, сондай-ақ энергия тиімділігі мен жол құрылысы салаларына инвестициялар мәселелері болды.

Іс-шара қорытындысы бойынша Қазақстан мен Тюрингия компаниялары арасында ТКШ секторындағы энергия тиімділігі саласындағы, кәсіптік білім беру саласындағы, жол инфрақұрылымы саласындағы ынтымақтастық туралы бірқатар келісімдерге қол қойылды.