Қазақстанға кіру үшін COVID-19 ПТР-Тестіе және вакцинация паспортын ұсыну туралы талаптар алынып тасталады

Қазақстанға кіру үшін COVID-19 ПТР-Тестіе және вакцинация паспортын ұсыну туралы талаптар алынып тасталады

Ағымдағы жылдың 8 маусымынан бастап ҚР Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезде COVID-19-ға қарсы вакцинацияны немесе ревакцинацияны растауды немесе ПТР әдісімен COVID-19-ға зерттеудің теріс нәтижесі бар анықтаманы ұсыну туралы талап алынып тасталады. 

Мұндай шешім ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен Коронавирустық инфекцияның алдын алу және тарату жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында қабылданды.

Елдегі және әлемдегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануын ескере отырып, ведомствоаралық комиссия оның күшін жою туралы мынадай шешімдер қабылдады:

-барлық өткізу пункттерінде мемлекеттік шекараны кесіп өту кезінде ҚР азаматтары мен шетелдіктер міндетті түрде COVID-19-ға қарсы вакцинация/ревакцинация паспортын, ал олар болмаған кезде COVID-19-ға ПТР тестінің теріс нәтижесі бар анықтаманы ұсынуын алып тастау;

-республиканың 7 өңірдегі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының жекелеген учаскелерінде уақытша жабылған 12 автомобиль өткізу пункттердін жұмыс істеуге тыйым салуды алып тастау.