2022 жылғы 5 маусымда республикалық референдум өткізу туралы

2022 жылғы 5 маусымда республикалық референдум өткізу туралы

Құрметті сайлаушылар!

2022 жылғы 5 маусымда ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесі бойынша республикалық референдум өтеді.

Осыған байланысты, Германия Федеративтік Республикасының аумағында 2022 жылғы 5 маусымда жергілікті уақыт бойынша 07.00-ден 20.00-ге дейін Қазақстан Республикасының ГФР-дағы Елшілігі жанындағы № 247 және Майндағы Франкфурт қаласындағы Бас консулдығы жанындағы № 269 дауыс беруге арналған учаскелер жұмыс атқаратын болады.

Берлин қаласындағы Елшіліктің мекенжайы: Nordendstraße 14-17, 13156 Berlin

Майндағы Франкфурт қаласындағы Бас консулдықтың мекенжайы: Beethovenstraße 17, 60325 Frankfurt am Main

Қазақстанның 18 жасқа толған және белсенді сайлау құқығына ие әрбір азаматының республикалық референдумға қатысуға конституциялық құқығы бар.

Сіздің аты-жөніңіздің республикалық референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың тізімінде болуы осы құқығыңызды жүзеге асыруға кепілдік береді.

Республикалық референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың тізіміне енгізу үшін Германия Федеративтік Респбликасы аумағындағы әрбір азамат өзіне қатысты деректерді (аты-жөні, ЖСН, Германиядағы мекенжайы, байланыс деректері) «Референдум-2022» белгісімен келесі электрондық мекенжайға ү.ж. 20 мамырға дейін  жіберу қажет: konsulberlin@mfa.kz (№ 247 учаскесіне тіркелу үшін) және frankurt@mfa.kz (№ 269 учаскесіне тіркелу үшін).

Референдум күні өзіңізбен бірге Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты болуы тиіс.

Қосымша ақпаратты Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының www.election.gov.kz веб-сайтында, сондай-ақ Елшіліктің бұдан кейінгі ақпараттық хабарламаларында табуға болады.

***

Референдум өткізу туралы тиісті Жарлыққа Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев 2022 ж. 5 мамырда қол қойды. ҚР Президентінің тапсырмасы бойынша Ата заңға өзгерістер жобасын дайындау үшін арнайы жұмыс тобы құрылды. Оған белгілі құқықтанушы ғалымдар, сарапшылар және құзырлы органдардың өкілдері кірді.

Барлық өзгерістер мен толықтырулар егжей-тегжейлі қаралғаннан кейін жоба Конституциялық кеңеске жолданды. Құжат жобасы Конституция нормаларына сай келеді деп қорытынды берілді.

Бұл өзгерістер еліміз үшін тағдыршешті мәнге ие. Ата заң баптарының үштен бірі өзгереді. Сондықтан Мемлекет басшысы бұл мәселені республикалық референдумға шығаруды ұсынды – еліміз үшін мұндай маңызды өзгеріс бүкіл халықтың шешімімен жүзеге асырылуға тиіс.