Бас консулдықтың Бавария Ландтагындағы жыл сайынғы қабылдауға қатысуы

Бас консулдықтың Бавария Ландтагындағы жыл сайынғы қабылдауға қатысуы

Ү.ж. 2 желтоқсанда ҚР Мюнхендегі Бас консулдығы Бавария үкіметінің қоныстанушылар мен қуғын-сүргінге ұшырағандар жөніндегі уәкілі, ХӘО партиясының өкілі доктор Петра Лойбльдің шақыруымен Бавария Ландтагында өткен дәстүрлі жыл сайынғы таңғы асына қатысты. Іс-шараға Қазақстаннан бөлек, Шығыс Еуропа елдерінің бас консулдықтары мен Орталық және Шығыс Еуропаның басқа да дипломатиялық өкілдері, сондай-ақ Баварияның қоғамдық-саяси институттарының өкілдері қатысты.

Кездесу барысында Қазақстан мен Бавария арасындағы гуманитарлық, мәдени және білім беру салаларындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Ерекше назар Қазақстандағы неміс диаспорасына қатысты мәселелерге, мәдениетаралық жобаларды қолдауға және жастар мен білім саласындағы жаңа бастамаларға аударылды. Бас консулдық екіжақты байланыстарды одан әрі нығайтудың және қазақстандық және бавариялық ұйымдар арасындағы әріптестікті кеңейтудің маңыздылығын атап өтті.

Бас консулдық көрсетілген құрмет үшін алғысын білдіріп, мұндай кездесулер өзара түсіністікті тереңдетіп, Қазақстан мен Германия арасындағы дәстүрлі достық қатынастарды нығайтуға жағдай жасайтынын атап өтті. Қазақстан тарапынан ортақ мәдени және білім беру жобаларын бірлесіп іске асыруға дайын екендігі қайта расталды.