
Ү.ж. 20 қарашада Бас консул Ерлан Мұқашев 2025 жылғы Бавария Экспорт сыйлығын өңірлік кәсіпкерлеге тапсыру рәсіміне қатысты. Аталған шараны Бавария экономика министрлігі BIHK-пен, Бавария қолөнершілер палаталары қауымдастығы және «Bayern International» ұйымымен бірлесіп ұйымдастырды. Жеңімпаздарға сыйлықты Баварияның экономика министрі Хуберт Айвангер тапсырды. Биыл 18-ші рет тапсырылған бұл сыйлық халықаралық нарықтарда елеулі жетістікке жеткен шағын кәсіпорындарға табысталды.
Марапат бес санат бойынша берілді. Жеңімпаздар қатарында: «Buhmann Systeme GmbH» (өнеркәсіп), «Kabeltronik Arthur Volland GmbH» (сауда), «Martelleria – Blechmanufaktur» (қолөнер), «Bühnenplanung Walter Kottke Ing. GmbH» (қызмет көрсету) және «Brauerei-Gasthof Kundmüller GmbH» («Genussland» санаты). Компаниялар марапаттау рәсіміне қатысқандарды автоматтандыру жүйелерінен бастап мамандандырылған кабельдерге, сахналық техника жобалауына және дәстүрлі сыра қайнатуға дейінгі ауқымды инновациялық шешімдермен таныстырды.
Бас консулдық ойынша, шағын және орта бизнесті қолдаудың, халықаралық ынтымақтастықты дамытудың және экономикалық байланыстарды нығайтудың маңыздылығы өте зоі. Іс-шара Баварияның іскерлік өкілдерімен пікір алмасуға және болашақ ынтымақтастықтың мүмкіндіктерін талқылауға мүмкіндік берді.