Ландсхудта өткен Қазақстан атты тақырыптық кеші туралы

Ландсхудта өткен Қазақстан атты тақырыптық кеші туралы

Ү.ж. 16 қазанда ҚР Мюнхен қ. Бас консулдығы Ландсхут қаласында өткен «Қазақстан» атты тақырыптық кешке қатысты. Іс-шара 2025 жылғы Интеркультуралық апталықтар аясында ұйымдастырылып, оны Ландсхут еріктілер агенттігі (fala) өткізді. Кештің мақсаты – өңірде тұратын түрлі халықтардың өзара түсіністігі мен мәдени байланысын нығайту болды.

Бағдарлама барысында еліміздің тарихы, мәдениеті мен дәстүрлері кеңінен таныстырылды. Қатысушылар ұлттық музыкамен, дәстүрлі тағамдар мен сусындармен танысып, қазақтың ұлттық киім үлгілерін тамашалады. Сондай-ақ Ландсхутта тұратын, Қазақстанмен туыстық байланысы бар тұрғындар өз естеліктерімен және екі ел арасындағы өмір тәжірибесімен бөлісті.

Бас консулдық кеш аясында Қазақстан туралы ақпараттық материалдар ұсынып, қатысушылардың зор қызығушылығын тудырды. Шара жылы әрі достық атмосферада өтіп, Қазақстан мен Германия арасындағы мәдени байланыстарды одан әрі нығайтуға үлес қосты.