Вута-Фарнрода қаласында орналасқан тұқым және астық саласына арналған технологияларға маманданған «Petkus» компаниясында болып қайтты

Вута-Фарнрода қаласында орналасқан тұқым және астық саласына арналған технологияларға маманданған «Petkus» компаниясында болып қайтты

Ү.ж. 26 қыркүйекте ҚР Мюнхен қаласындағы Бас консулдығы Германиядағы «Kazakh Invest» өкілдігімен бірлесіп, Тюрингия федералдық жерінің Вута-Фарнрода қаласында орналасқан тұқым және астық саласына арналған технологияларға маманданған «Petkus» компаниясында болып қайтты.

Сапар бағдарламасына - өндірістік қуаттармен танысу және технологиялық шешімдерге арналған презентация. Сондай-ақ, кездесу барысында қазақстандық агроөнеркәсіптік кешен кәсіпорындарымен ықтимал ынтымақтастық бағыттары талқыланды. Компания Астанадағы кеңсесінің бар екенін растады және Қазақстан нарығында салалық серіктестермен бірлесіп қызметін кеңейтуге мүдделілік білдірді.

Сапар қорытындысы бойынша тараптар тұрақты жұмыс байланысын жалғастыра отырып, дайын болған жағдайда нақты практикалық қадамдарды талқылауға уағдаласты.