2025 жылғы 16 маусымда ҚР Германия Федеративтік Республикасындағы Елшісі Нурлан Онжанов Нюрнберг қаласындағы Орта Франкония аймақтық сауда-өнеркәсіп палатасына (IHK Nürnberg für Mittelfranken) ресми сапармен барды.
Кездесу барысында Елші Қазақстанның Солтүстік Бавариямен экономикалық өзара іс-қимылды нығайтуға мүдделі екенін атап өтті. Ол Қазақстанның табиғи ресурстарға бай екенін және экономикасын әртараптандыру бағытында белсенді жұмыс жүргізіп жатқанын, сондай-ақ шетелдік серіктестік пен инвестицияларға ашық екенін жеткізді.
Тараптар өнеркәсіптік кооперация, тұрақты технологиялар, логистика және кәсіби білім беру салаларындағы ықтимал ынтымақтастық бағыттарын талқылады. Кездесу екіжақты экономикалық диалогты тереңдетуге өзара қызығушылық жағдайында өтті.